Жапон дипломаты Қазақстан еңбегін жоғары бағалады

830

БҰҰ жанындағы Жапонияның тұрақты өкілі Коро Бешо Нью-Йорктегі қызметін аяқтады.  

Жапон дипломаты Қазақстан еңбегін жоғары бағалады

Ол Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған көптеген маңызды қарарларды дайындауға белсенді атсалысқан болатын, деп хабарлайды "Хабар 24".  

Атап айтқанда, Бешо мырза Солтүстік Корея өткізген кезекті зымыран сынақтарынан кейін осы елге қарсы шараларды күшейтуді ұсынған. Сондай-ақ террорлық және экстремистік топтармен байланысты балаларға қараудың Жол қартасын құру бастамасымен мәлім болды. 

"Қазақстанмен ортақ тұстарымыз көп. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Азия-Тынық мұхит аймағынан бірлесіп жұмыс істедік. Көптеген мәселе бойынша бірдей ұстаным білдірдік. Жапония мұны жоғары бағалайды. Екіжақты қатынастарымыз жақсы, дегенмен оны нығайту үшін әлі де көп еңбек етуіміз қажет", – дейді БҰҰ жанындағы Жапонияның бұрынғы тұрақты өкілі Коро Бешо.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу