2030 жылдан кейін Жапония қозғалтқыштары бензиннің көмегімен тұтанатын көліктердің сатылымын тоқтатуды жоспарлап отыр. Қазір осы мәселені елдің экономика, өнеркәсіп және сауда министрлігі қарастырып жатыр.
Kyodo агенттігінің дерегінше, шектеу күшіне енгеннен кейін, сол уақыттан бастап шығарылатын барлық автокөліктердің гибридті, электрлік немесе сутегімен тұтатын қозғалтқыштары болуға тиіс.
Бұл бастамаға ел премьері Есихидэ Сугидің мәлімдемесі түрткі болды. Ол бұған дейін 2050 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын мүлдем жою керек деп жариялаған еді. Мамандардың айтуынша, егер экономика, өнеркәсіп және сауда министрлігі бензин қозғалтқыштарынан бас тарту жағын қолға алса, электр қуатымен жүретін көліктердің өндірісі қарқынды дамуы мүмкін.
Табиғат Нұрболат
Фото: hagerty.com