Ел экспорты тамыз айында 8,2 пайызға азайды. Әсіресе автокөлік және қосалқы бөлшек сатылымы қысқарған. Мұндай төмендеу 2015 жылдың қазан айы мен 2016 жылдың қараша айы аралығында болған еді.
Қытайға сатылатын тауар көлемі 12,1 пайызға, АҚШ-қа жасалатын экспорт 4,4 пайызға кеміген.
Ал ел импорты тамыз айында 12 пайызға азайған. Бұл 2016 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Сауда балансы 249,6 млрд иеннен 136,3 млрд иенге қысқарған.
Азиядағы ірі экономиканың мұндай жағдайға тап болуына сыртқы факторлар, оның ішінде Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі әсер етуде. Өйткені қос алыптың сауда дауы экономикасы экспортқа тәуелді елдерді артқа тартып, жаһандық сауда мен инвестицияға кері ықпалын тигізіп отыр. Оның үстіне Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда текетіресі де экономикаға ауыртпалық түсіруде.
Айта кетейік, Жапониядан Оңтүстік Кореяға жасалатын экспорт тамызда 9,4 пайызға кеміді.
Табиғат Нұрболат