Жапонияда 14 жасқа толмаған жалғыз адам қалуы мүмкін – зерттеу нәтижесі

Елдегі туу көрсеткішінің төмендігі осындай болжам жасауға әкеліп отыр. 

Жапонияда 14 жасқа толмаған жалғыз адам қалуы мүмкін – зерттеу нәтижесі Фото: РБК Стиль

Мұны Тохоку университетінің профессоры Хироси Ёсида айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Japan Times-қа сілтеме жасап.

Демек, Жапонияда туу деңгейі осылай жалғаса берсе, 2720 жылдың 5 қаңтарына таман елде 14 жасқа толмаған бір ғана бала болуы мүмкін.

Есептеу жұмысы балалар санының жыл сайынғы төмендеуіне негізделіп жасалған.

Жасыратыны жоқ, көп жылдан бері Жапонияда туу көрсеткіші өте жылдам төмендеуде. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, туу коэффициенті 2023 жылы рекордтық деңгейге (1,20) дейін жеткен. Елде егде жастағы адамдар көбейген.

Мұның негізгі себебінің бірі – некенің азаюы. Демографиялық қиындыққа қарсы тұру үшін жергілікті билік жастарды некеге тұруға шақырып, түрлі шараны қарастырып әлек.

Еске салайық, бұған дейін Жапонияда әлемнің ең қарт адамы қайтыс болғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу