Жапонияның және әлемдегі ең қарт адам Томико Итоока 116 жасында қайтыс болды.
Агенттіктің хабарлауынша, Итоока 29 желтоқсанда табиғи себептермен өмірден озған.
Ол әлемдегі ең қарт адам атағын 2023 жылдың желтоқсанында Жапонияның 116 жастағы тұрғыны Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін алды.
Ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабы оған 2024 жылдың қыркүйегінде ең қарт адам мәртебесін берді. Қазір әлемдегі ең қарт адам 116 жастағы Бразилия тұрғыны Ина Канабарро Лукас.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу