Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артып келеді

376

Осыған орай, АҚШ пен Ұлыбритания елдері көмек көрсетуді ұсынды. 

Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артып келеді Фото: KYODO/REUTERS

Жапонияда болған жер сілкінісінен кем дегенде 62 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Билік айтарлықтай қирау мен көптеген құрбандар туралы ескертеді. Ал құтқарушылар зардап шеккен аудандарға жеткенде қайғылы жағдайдың ауқымын бағалауға тырысып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Көптеген құрбандарды, ғимараттардың қирауын және өрттерді қоса алғанда, елде өте үлкен залал расталды", – деді Жапония премьер-министрі Фумио Кисида.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Жапонияның орталығында Исикава префектурасының Ното түбегіне жақын жерде магнитудасы 7,6 болатын қуатты жер сілкінісі орын алды. Көптеген ғимараттар қирап, ондаған мың адам жарықсыз қалды.

Жапон үкіметінің мәліметі бойынша, 97 мыңнан астам адам эвакуациялау туралы бұйрық алып, өткен түнді төтенше жағдайларда эвакуациялау орталығы ретінде пайдаланылатын спорт залдар мен мектептерде өткізген.

Сондай-ақ, Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида ең көп зардап шеккен аудандарға апаратын негізгі жолдар элементтердің әсерінен қатты зақымданғанын, және де бұл әскерилер тартылған құтқару операциясын қиындатқанын түсіндірді.

"Өзін – өзі қорғау күштері апаттан зардап шеккен аудандарға жету үшін көптеген қиындықтарға тап болады, себебі жолдар кесілді. Алайда, ғимараттарда қалып қойған адамдар ғимараттар құлағанға дейін мүмкіндігінше тезірек құтқарылуы қажет", - деп мәлімдеді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 60-тан асқанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу