Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Мұндай зілзала соңғы рет 2018 жылы Хоккайдода тіркелген. 

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 13-ке жетті Фото: Kyodo

Жаңа жыл күні Жапонияның орталығындағы Ното түбегі мен оның маңындағы аудандарда болған зілзаладан кем дегенде 13 адамның қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Kyodo агенттіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 балл болды.

"Көліктердің Ното түбегінің солтүстік бөліктеріне өтуі өте қиын", - деді премьер-министр Фумио Кишида баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол үкімет кемелер арқылы көмек жеткізуді үйлестіріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, 1000-ға жуық құтқарушы көмек көрсету жұмыстарына қатысуда.

Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Вадзима қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай жерде болды және алдын ала тереңдігі 16 шақырымды құрады. Бұл – елдің сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша максималды 7 магнитудасы. Мұндай магнитудалық жер сілкінісі соңғы рет 2018 жылы Хоккайдо қаласында тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу