"Мектеп оқушыларын жауапкершілікке, өзгенің еңбегін қадірлеуге баулу үшін Жапониядағыдай өз мектебін тазалауды енгізу керек деп ойлаймын. Бұл – баланы жұмысқа жегу емес, жауапкершілік. Бүгін өз мектебіне немқұрайлы қарайтын оқушыдан күні ертең елдің болашағына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын азамат шығады дегенге сену қиын", – деді Тұрсынқожа.
Ол балалардың қаржылық сауаттылығы туралы да пікірін ортаға салды.
"Күрделі пайыз, банк, салық, ипотека, ақша жинау, оны инвестициялау, қаржы пирамидалары, блокчейн, криптовалюталар балаға мектеп кезінен бастап берілуі керек. Мұның барлығын жазда екі-үш апталық курстар аясында немесе мектеп бағдарламасына қосымша сабақ ретінде енгізу арқылы ұйымдастыруға болады", – деді Қайсар Тұрсынқожа.