Жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыскерлер қызметтік итті ұрлап кетті

1388

Ол Ұлттық Ұланның кинолог-сарбазының иті болған. 

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыскерлер қызметтік итті ұрлап кетті

Шерушілер жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық Ұланның сарбазын ұрып, қызметтік итін алып кеткен,  деп жазды inbusiness.kz Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

"Шабуыл жасағандар басымнан ұрды, сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған қызметтік итімді алып кетті. Есімді жиған кезде қылмыскерді суреттеп бере алмадым. Бірақ оны бүгін қамауға алыпты", – деді Рүстембек Байхарашев. 

Осылайша тәртіп сақшылары сарбаздың Найтс атты итін тауып берген. 

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында 1989 жылы туған А. есімді азамат ұсталды. Ал кинолог-сарбаздың иті бауға байланып, аумақты күзетіп тұрған. Қазір ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу