Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Алматы-Қорғас тасжолының 337-шақырымында болған.
"29 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, соның салдарынан Lada автокөлігі аударылып кеткен. Жол апатынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды. Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді", – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде жол апатының себебі анықталып жатыр.
Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу