Құны 500 мың теңгеден асатын валюта мен алтын алғанда құжат көрсету міндеттеледі

110

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын айырбастау ережелеріне өзгерістер енгізді.  

Құны 500 мың теңгеден асатын валюта мен алтын алғанда құжат көрсету міндеттеледі Фото: kazlenta.kz

Қаулы 2 желтоқсанда қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа ережеге сәйкес, 500 мың теңге және одан жоғары сомаға айырбастау кезінде жеке куәлік деректерін, ЖСН және заңды мекенжайды ұсыну қажет болады. Дәл осындай талаптар енді алтынмен жасалатын операцияларға да қолданылады. Мұндағы негізгі мақсат – деректерді тізілім журналына тіркеу. 

"Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша бес жүз мың теңге баламасынан аспайтын сомада айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі", – делінген құжатта.

Сонымен қатар, тура осындай талаптар енді осы сомадан асатын құйма алтынмен жасалатын операцияларға да қойылады.

Айырбастау операциялары бойынша қызметті реттеу үшін уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар ұсынатын есептерді түзету мерзімдері 6 айдан 1 айға дейін қысқартылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу