Жарты миллионға жуық қазақстандықтың табысы күнкөріс деңгейінен төмен

1286

Жарты миллионға жуық қазақстандықтың табысы күнкөріс деңгейінен төмен

2016 жылдың 3 тоқсанында халықтың 2,5%-ының табысы күнкөріс деңгейінен төмен болды, деп хабарлайды статистика комитетіне сілтеме жасаған 7kun.kz.

Ведомство ақпаратына сәйкес, кедейлік деңгейіндегі отбасылардың саны 76,9 мың (452,2 мың адам), ал өткен жылы бұл 74,9 мың болған (446,1 мың адам).

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың қаладағы үлесі — 1,2%, ал ауылды жерлерде 4,4%-ды құрайды. Көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан (5,0%), Атырау және Жамбыл областары (3,3%) алдыңғы орында. Ал Астанада мұндай халықтың үлесі — 0,9%, Алматыда 1,1%.

Сондай-ақ, кедейлік деңгейі бойынша Оңтүстік Қазақстанда 143,7 мың, Атырау облысында 20,2 мың, Жамбыл облысында 36,6 мың, Астанада 8,2 мың, Алматыда 19 мың адам тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу