Жарты жылда самокат мінгендердің қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

236

Жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмған.

Жарты жылда самокат мінгендердің қатысуымен 78 жол апаты тіркелді Фото: turaninfo.kz

Тағы 76 адам жарақат алды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы 6 айда электросамокаттың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді, 2 адам қаза тапты, 76 адам жарақат алды. Электросамокат жүргізушілерімен 12 мыңнан астам жол ережелерін бұзушылық анықталған. Бұл мәселені тек полицияның әдістерімен шешу мүмкін емес", – деді спикер.

Сөзінше, елімізде самокаттар үшін қауіпсіз жол инфрақұрылымы жоқ.

"Біздің деректеріміз бойынша елімізде веложолақтар мен веложолдардың ұзындығы 586 км немесе Қазақстандағы жолдардың 0,26%-ын құрайды. Басым көпшілігі Астана, Алматы және Ақмола облысының Бурабай кентінде келеді. Бүкіл ел бойынша веложолдардың жылдық өсімі небәрі 123 км-ды құрады", – деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу