Ішкі істер министрі Елордада жарықтың сөнуіне кінәлі азаматтарды тауып, жауапқа тартпақшы, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Өздеріңіз білетіндей сенбіден жексенбіге қараған түні Астананың сол жағалауында әкімшілік ғимараттар мен 9 тұрғын үй кешені жарықсыз қалған еді. Оның ішінде Мемлекет басшысы отыратын Ақорда да бар. Сондықтан бұл мәселе Президент назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Қазір іс қалай жүргізілуде. Барлық жерде жарық берілді ме?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу