Алакөл мемлекеттік паркіндегі жарылыстан зардап шеккендердің төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің сөзінше олардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сәуірдің 10-ы күні Алматы облысының Алакөл ауданындағы мемлекеттік табиғи қорығында, күндізгі сағат 15:00-дер шамасында автоцистерна сорғышына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болған.
"Бізге 8 науқас түсті, оның біреуі 1 сағаттың ішінде қайтыс болды, 7 науқастың 4-еуі жансақтау бөліміне түсті. Оның 3-еуіне ота жасалынды. Облыстық мамандардан уақытында консультация алынды. Санавияция арқылы ол кісілер келді. Барлық көмектерін көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қалыпты ауыр. Травмотология бөлімінде 3 науқас жатыр. Олардың жағдайы орташа", – дейді Алакөл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақытгүл Бижанова.