"Жас кәсіпкер" білім беру жобасына бизнес-тренерлердің алғашқы легін оқыту басталды, деп хабарлайды "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы.
Келіп түскен 200-ден астам өтінім ішінен тәжірибе бөлісу, жастарға бизнес жүргізудің қыр-сырын, сондай-ақ заңгерлік және экономикалық сауаттылықты үйретуге дайын 25 үміткер іріктелді. Тренинг бизнес-тренерлер қорын қалыптастырып, олардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.
Бір апта бойы бизнес-тренерлерге арнап кәсіпкерлік негіздері, тайм-менеджмент, стресс-менеджмент, жобалық менеджмент, шешендік өнер, маркетинг, құқықтық және қаржылық аспектілеріне қатысты бизнес негіздері, бухгалтерлік есептілік бойынша семинарлар өткізіледі. Бизнес-тренер болашақ тыңдаушыға бизнесті жүргізу машықтарын игеріп, кейін жеке кәсіп құру, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесуі керек.