Облыс орталығының сол жақ жағалауында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім рөлге отырып, жол апатына ұрынды деп хабарлайды Алтайньюс.
"Кеше 16.30 шамасында 2002 жылы туған жеткіншек КIA RIO автокөлігімен Сәтпаев бойындағы тұрақта көлікті тізгіндей алмай, тротуарда жүрген 2015 жылы туылған баланы қағып кеткен" — деп мәлімдеді Өскемен қаласы ІІБ баспасөз хатшысы Асел Әміренова.
Жол апатының салдарынан зардап шегуші түрлі дене жарақатын алып, "Ана мен бала" орталығына жатқызылды. Қазір осы оқиғаға байланысты полиция ҚР ҚК 345 бабы, 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу