Логотип Қазақстанның жоғары технологиялық әрі тұрақты цифрлық экожүйесін құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.
Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ әлемдік масштаб пен планетаны білдіреді. Осылайша Қазақстанның әлемге ашықтығын айқындайды.
Шеңбер ішіндегі шаршы – ұлттық AI-инфрақұрылымының өзегін құрайтын микрочип пен суперкомпьютерлік жүйелерді білдіреді.
Тор – цифрлық матрицаны еске салады. Мұндағы әрбір ұяшық жалпы қозғалыстың: мемлекет, бизнес, ғылым мен қоғамның элементі.
Логотип түстері – дәстүр сабақтастығы мен болашаққа ұмтылысты бейнелейді.
– Жаңа белгі жоғары технологиялар мен ұлттық құндылықтардың символикасын біріктіре отырып, Министрліктің (ЖИ және цифрландыруды тұрақты даму мен ортақ өркендеудің қозғаушы күші ету) миссиясын айқын көрсетеді, – деп жазды ведомстводан.