Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды

329

Бұл туралы Ақорданың баспасөзі мәлім етті.  

Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды Фото: alash24.kz

Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Жарлықта.

Туған күні: 13 маусым 1983 жыл

Туған жері: Алматы қаласы

Білімі:
2015-2016 – Массачусетс технологиялық институты (MIT), Слоан бизнес мектебі, бизнесті басқару магистрі (MBA);

2006-2007 – Колумбия университеті, Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебі, мемлекеттік басқару магистрі (MPA), экономикалық саясатты басқару ("Болашақ");

2000-2004 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әлемдік экономика және халықаралық қаржы саласындағы маман.

Мансап жолы:

Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы "Morgan Stanley" Инвестициялық Банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастады.

Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, "Kazyna Capital Management" АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық Банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкі мен "Қазақстан темір жолы" АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін Binance Kazakhstan компаниясының Бас менеджері қызметін атқарды.

2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды

2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап Жасанды интеллект министрі.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу