Жастарға жалға берілетін пәтерді алуға құжат қабылдау басталады

679

Елордада жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер жалға беріледі.

Жастарға жалға берілетін пәтерді алуға құжат қабылдау басталады

Нұр-сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек елордада сатып алу құқығынсыз пәтерлерді алуға өтініш қабылданатынын мәлім етті.

"Елбасының тапсырмасымен 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастарға 2050 пәтердің кілтін табыстадық. Биыл 350 пәтерді  жастарға табыстау жоспарланып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – жұмыс істейтін жастарды ынталардыру және осы бес жыл пәтерде тұрған кезде қаражатын жинап, өзінің баспанасын сатып алуына жағдай жасау. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерді алатын азаматтардың жасы жиырма тоғыздан аспауы тиіс. Меншігінде баспанасы жоқ, ал банкте жинақтаған депозиті болуы керек. Соңғы алты айда кемінде 111 120 теңге, яғни 40 АЕК төмен емес кірісі болуы міндетті. Бұл жобаға құжат қабылдау 1-6 желтоқсан аралығында "Тұрғын үй қоры" мекемесімен бірлесе отырып жүргізілетін болады", – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова құжаттарды әкімшіліктің сайты арқылы онлайн тапсыруға болатынын айтты.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу