Жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

357

Көкшетауда жатақханадағы өрт кезінде 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Барлығы дін аман.     

Жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жатақханадағы өрт сөндірілмеген шылымнан тұтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

49 жастағы ер адам темекі шегіп отырып диванда ұйықтап қалған. Соның салдарынан төсек-орын жанып, линолеум жанған.

"Өртті сөндіруге №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жатақханадан 40 адамды (оның 10 бала) эвакуациялады. Ал өрттің шығуына себепші болған ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - делінген ТЖД хабарламасында.

3 шаршы метр аумақ шеңберінде төсек-орын, линолеум жанған. №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып, 14 минутта өрт өшірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу