Елімізде екі айдың ішінде 140 адам суға кеткен

642

Оның 49-ы – бала.  

Елімізде екі айдың ішінде 140 адам суға кеткен

Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Былтырғы жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42%-ке қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын. Су қателікті кешірмейді. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет", – деді үкімет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу