Жедел жәрдем көлігімен отын тасыған жүргізуші қызметінен босатылды

215

Аурухананың бас дәрігеріне де шара қолданылды.

Жедел жәрдем көлігімен отын тасыған жүргізуші қызметінен босатылды Фото: Бейнежазбадан

Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасы Шұғыл медициналық көмек орталығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Бұл оқиғаның 2025 жылдың 13 наурызында Қоқан қаласындағы № 10 отбасылық емханаға қарасты жедел жәрдем көлігінде болғаны хабарланды. Жүргізуші Ғ.А. көлікке ағаш көшеттерін тиеп, жолға шыққаны анықталды.

Тексеріс нәтижесінде жүргізуші Ғ.А.-мен жасалған еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар, көлік құралдарын тиімді пайдалану шаралары бойынша жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізбегені үшін емхананың бас дәрігері Ф.М.-ға ескерту түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу