Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды

1672

Атышулы іс бойынша тыңдау Қарағанды облысы Әлихан Бөкейхан аудандық сотында өтеді. 

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды Фото: dalanews.kz

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот отырысына күдікті Нұрболат Дәкебаев әкелінді.

Жәбірленушінің адвокаты Бағдад Хасенов Нұрболат Дәкебаевтың жедел жәрдем жүргізушісіне келтірген жарақатының жеңіл емес екенін дәлелдеу үшін жаңа сараптама тағайындау туралы сотқа арыз жазбақ ниетте екенін айтты. Адвокат жәбірленушіге тағы да ота жасалатынын атап өтті.

Сот отырысында жауапкер Дакебаев айыптау актісі мен азаматтық талап-арызды алмағанын айтты. Сот 10 минуттық үзіліс жариялады.

Нұрболат Дакебаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа келіп түсті, ал бастапқыда тергеу ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу