Жедел жәрдемге күніне 8 мың қоңырау түседі

692

Дәрігердің нұсқауынсыз КТ зерттеуден өтудің қажеті жоқ. 

Жедел жәрдемге күніне 8 мың қоңырау түседі

Алматыда жедел жәрдемге қоңырау шалу саны күрт өскен. Егер мамыр айында шамамен 2500 қоңырау түскен болса, маусым айында күніне қоңыраулар саны 8000-ға жетеді. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадаларының жұмысы да ауырлай түскен. 

"Жүктеме күрт артты. Егер мамырда бригаданың орташа тәуліктік жүктемесі шамамен 9 қоңырау болса, маусым айында ол екі есе өсті", – деген Камалжан Надыров өкпенің компьютерлі томографияға түсіру туралы да сөз қозғады. 

"Коронавирустың қауіпті және жиі асқынуларының бірі – пневмония. Жай-күйдің ауырлығын бағалау үшін уақытылы өкпенің компьютерлі томографиясын жүргізу қажет. Осыған байланысты, біз КТ қызмет көрсетушілерінің тізімін жасадық, емханалар КТ орындайтын мемлекеттік және жеке меншік ұйымдармен шарттар жасасты. Қала бойынша аталған қызмет көрсететін 12 мекеме бар", – деді басқарма басшысы. 

Бұдан бөлек үш айда жаңа КТ аппараттары Қалалық балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы және медициналық жедел-жәрдем көрсету ауруханасына жеткізілмек. Бұл ретте Камалжан Надыров алматылықтарға дәрігердің нұсқауынсыз радиациялық сәулеленудің жоғары болуына байланысты, КТ зерттеуден өтудің қажеті жоқ екенін ескертті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу