Жээнбеков қазір Бішкекте – баспасөз хатшысы

705

Ол Қырғызстанда заңды президент пен парламенттің бар екенін ескертті. 

Жээнбеков қазір Бішкекте – баспасөз хатшысы

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазір Бішкекте. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева мәлім етті. 

"Президент жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір Бішкек қаласында", – деді ол. Оның айтуынша, қазір президент елдегі барлық саяси күштердің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.Бірақ Стамалиева келіссөздердің нақты қай жерде өтіп жатқанын айтпады. 

Сооронбай Жээнбеков парламент спикері Мықтыбек Әбділдаевпен кездесу барысында Қырғызстанның заңды президенті мен парламенті бар екенін ескерткен. Бұл туралы да баспасөз хатшысы жария етті. 

"Президент қазіргі міндет – елдің қайтадан заңға бағынуын қамтамасыз ету екенін атап өтті", –деді Стамалиева. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан президенті жоғалды  деген ақпарат жарияланған еді. Тіпті, елдің ІІМ оны іздеп жатпағанын да айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу