Бұған қоса ол адамдардан жеке басын қорламауды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бұған экономист Арман Байғановтың диджейдің құрметіне көше немесе мектеп атауын беру бастамасын көтеруі және осы ұсынысты қолдамаған азаматтардың Иманбек Зейкеновті жазғыруы түрткі болды.
"Көптеген атақты спортшыларымыздың, мәдениет қайраткерлерінің үлгісімен оның құрметіне көше немесе өзі оқыған мектеп атауын беруді ұсынамын. Оның жетістігі өскелең ұрпаққа еңбек пен табандылықтың арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын және қазіргі уақытта әлемде адам капиталы ең жоғары бағаланатынын көрсетіп, үлгі болады", – деген еді Арман Байғанов.
Бастама Иманбек Зейкеновке ұнаған жоқ.
"Бұл көшеге немесе мектепке менің атымды беретіндей керемет жетістік емес. Менің ойымша, бұл – ақшаны ысырап ету. Мектепке атымды беретіндей мен кіммін? Ғалым емеспін. Бұл – сандырақ", – деді диджей.
Ол бұл – бастама өзінікі емес, екенін тілге тиек етіп, өзін дарынсыз деп жазғырған жандарды негізсіз сөйлемеуге шақырды.
"Көше, мектеп атын өзгерту туралы ұсынысқа қарсы адамдардан жеке басымды қорламауды сұраймын. Бұл –дөрекі әрі миға қонымсыз, – деді Иманбек Зейкенов
Қанат Махамбет