Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сөзінше, жеке кәсіпкерлікті ашу және тіркеу қатаңдатылады.
"Бізде тиісті нормалар дайын. Осыған дейін бұзушылықтар жасағандар, жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлігі бар азаматтар үшін жаңа ЖК ашу процесі қиындайды", – деді Серік Жұманғарин.
Айта кету керек, осыған дейін Үкімет салықтарға қатысты өзінің ұстанымын айтқанын жазғанбыз. Енді байлар салықты көбірек төлейтін болады. Қосылған құн салығы 16% болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу