Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудадағы үлесі азайып келеді

658

 5 жыл ішінде көрсеткіш 46%-дан 33%-ға төмендеді. 

Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудадағы үлесі азайып келеді

Биылғы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында бөлшек сауда 6,5 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 7,2%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Биылғы "коронавирустық" 2020 жылдан кейін салада қайта өсім байқалып отыр, сол кездегі көрсеткіш 11,7%-ға төмендеген.

Ресми бөлшек сауданың үштен бір бөлігі Алматыда ғана: 2 трлн теңге. Бөлшек сауданың айтарлықтай көлемі Нұр-Сұлтанға (735,1 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облысына (585,6 млрд теңге) тиесілі. 

Өңірлік өсім 0,5%-дан (Солтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары) 15,9%-ға (Алматы) жетті. Бөлшек саудада айтарлықтай өсім Шымкент (+ 9,9%) пен Маңғыстау облысында (+ 9%) байқалды.

Бөлшек сауда көлемінің үштен екісі дерлік азық-түлік емес тауарларға тиесілі болды. Мұнда көрсеткіш 4,2 трлн теңгеге дейін, нақты мәнде 13,5%-ға артты.

Азық-түлік тауарлары сегментінде бөлшек сауда көлемі 2,3 трлн теңгені құрады - бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4%-ға аз.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауданың үштен екісінен астамын сауда кәсіпорындары мен ұйымдары қамтамасыз етті: 4,3 трлн теңге. Бұл ретте, жеке кәсіпкерлерге, соның ішінде нарықтағы саудагерлерге бөлшек сауданың 32,9% үлесі немесе 2,1 трлн теңге тиесілі.

Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудадағы үлесі алтыншы жыл қатарынан төмендеп келеді. Мәселен, бір жыл бұрын 39,7% болса, 2018 жылы 46,8%-ды құраған еді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу