Жекешелендіру шеңберінде 33 нысан сатылымға қойылды

478

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 669 нысанды сату көзделіп отыр.  

Жекешелендіру шеңберінде 33 нысан сатылымға қойылды Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

"Есепті кезеңде 312 млрд теңге сомасына 368 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 33 нысан сатылымға қойылды. 62 нысан қайта ұйымдастырылып, таратылды. 206 нысан сату алдындағы дайындық кезеңінде тұр", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге кіріс түскенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу