Желіде Алматыда болған жол апатының видеосы пайда болды

400

Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақаттанған еді. 

Желіде Алматыда болған жол апатының видеосы пайда болды Фото: бейнеден

Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.

"Жол апаты Алматыдағы Алмалы ауданында сағат 14.20-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "Сity-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу