Желіде жарияланған видео үзіндіде әкім мен журналист 500 гектар жер жетпейтіні туралы мәселені талқылап жатқаны көрінеді.
Майра Жәкімсалова видеоны блогер, оқушысы әрі әріптесі Тимур Жұманов жариялағанын айтты.
Ол келіп, ескертпей жұмыс барысын түсірді, монтажын жасады, жариялады, пиар жасауды ұйғарды. Бұл сұраққа шынында да дайын емес едім. Ол дұрыс істемеді. Бірақ мен үшін бұл сабақ болды", - деп түсіндірді ол.
Округ басшысы бұл жағдайға байланысты қатты алаңдайтынын мойындады.
"Екі күн жыладым. Өз халқыма адал қызмет етемін, кейде денсаулығыма да қарамаймын. Оны жұмысым көрсетеді. Facebook-те де тұрғындар менің жағымда. Алайда әлеуметтік желілерде "лауазымды сатып алғанымды", "біреудің қызы" деп жазатындар бар. Бірақ мен қарапайым отбасынан шыққанмын. Сұхбат үзіндісіне келетін болсақ, жайылым жер қатынастары бөлімінің құзыретіне жатады. Қалай болғанда да, өзімді ақтамаймын", - деп қорытындылады Жәкімсалова.