Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам әскери киімдегі жігіттің жағасынан алып, бірнеше рет соққы жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ҚР Ұлттық ұланының формасын киген азаматқа азаматтық киімдегі белгісіз тұлға қорлық көрсетіп жатқан бейне анықталды.
2024 жылғы 23 қыркүйекте "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Әскери полициясы ҚР ҚК 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп жауап берді Ұлттық ұланының "Батыс" ӨңҚ баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу