Жемқорлыққа қарсы агенттік Елжан Біртановтың мәлімдемесін тексереді

1364

Осыған дейін сот экс-министрдің ісін прокуратураға қайтарған.

Жемқорлыққа қарсы агенттік Елжан Біртановтың мәлімдемесін тексереді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокатының қызметіне кедергі жасау туралы өтінішін тексереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елжан Біртанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушілері тарапынан жасалған заңбұзушылықтарды тексеретінін жеткізді.

"Бас прокуратура сіздің адвокатыңыздың заңды қызметіне кедергі келтіру және адамның құқығы мен бостандығын шектеу фактісі бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішіңізді қарады. 2022 жылғы 11 ақпанда өтініш Бас прокуратураның ақпаратты есепке алу кітабында тіркелгенін және процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберілгенін хабарлаймыз", – деп жазылған Бас прокуратураның хатында.

Айта кетейік, осыған дейін экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері оған қатысты "тергеу құпиясын жария ету" туралы қылмыстық іс қозғағанын айтқан еді. 

Биыл 28 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов заңбұзушылықтарды жою үшін Елжан Біртановтың ісін прокуратураға қайтарған.

Сондай-ақ сот бұрынғы министр мен денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішевтің үйқамақта ұстау мерзімін бір айға ұзартқан.

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігі Ақпараттандыру платформасын қабылдау және іске қосу арқылы өз өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу