Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды

984

Qaz Textilе lndustry өзін-өзі реттеу ұйымы жергілікті қамту үлесін арттыруға басымдық береді.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды

Мақсатқа жету үшін жаңа құрылған ұйым еліміздегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын біріктіріп, отандық тауар өндірушілердің өнімін экспортқа шығаруға көмектеседі.

Qaz Textilе Industry арқылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік кооперациясын дамыту сондай-ақ шикізат пен дайын өнімнің тұрақты тізбегін құру жоспарланған. Ұйымның алдына жеңіл өнеркәсіп саласындағы отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, нарыққа қатысушылардың тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту, жеңіл өнеркәсіп саласына инновациялық технология енгізу және қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды коммерцияландыру міндеті қойылған.

Ұйым жергілікті қамту үлесін арттыруға басымдық береді.

Ұйымның жарғысы мен басқару органдары елордада алғаш рет ұйымдастырылған отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші съезінде бекітілді.

Айпақшы осы жиында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі мен

Qaz Textilе lndustry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу