Жер шетелдіктерге сатылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

1127

Президент жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырды.

Жер шетелдіктерге сатылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында тағы бір үлкен сұрақты – жерді тиімді пайдалану мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ауылшаруашылық алқаптарын түгендеу барысында пайдаланылмаған 16,5 млн гектар жер анықталды. Бұл проблеманың бір бөлігі ғана. Мен үкіметке барлық ауылшаруашылық жерлерді тексеріп, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырамын. Жер – өндірістің басты факторы. Бұл мәселені тиімді шешпей, ауылды дамыту мүмкін емес. Бұл қиын екенін түсінеміз, бұл жерде ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің үйлесімді әрекеті қажет. Бұл жұмыстарды келесі жылдың аяғына дейін аяқтау маңызды. Яғни бәрін цифрлау қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жер сол жерде жұмыс істейтіндерге тиесілі болуы керек.

"Үкімет жердің рационалды пайдаланылуын қадағалай бастады. Бұл жұмысты соңына дейін аяқтау қажет. 2021 жылы жер кодексінің нормаларына енгізілген мораторий аяқталғанда біз жер мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Парламент мүшелері, халық осы мәселе бойынша өзі шешім қабылдайды. Ал шетелдіктерге келер болсақ, жер оларға сатылмайды", – деп түйіндеді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу