Қостанай әкімі: Жергілікті автокөлікке халықтың сенімі артты

786

Қостанай облысы "СарыарқаАвтоПром" компаниясының жаңа көліктеріне тапсырыс бергендер қыркүйектен бері әлі ала алмай, "жол тосып" жүр.  

Қостанай әкімі: Жергілікті автокөлікке халықтың сенімі артты

Бұған не себеп? Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ОртКом қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Vesti.kg сайтының тілшісі Айнұр Коскинаның сұрағына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Біз 2016 жылы төрт мың автокөлік шығарсақ, биыл 44 мың мәшине шығардық. Демек 10 есе көбейттік. Жыл соңына дейін 60 мыңға жеткізбекпіз. Жалпы өсім бар. Сондықтан жергілікті көлікке халықтың сенімі артты деген сөз", – деген Архимед Мұхамбетов "жергілікті" көлікті мақтады.

Журналист сұрағын қайталағаннан кейін барып, күтіп жүргендердің көлігі алдағы екі-үш айда жеткізілетінін айтты.

Еске саламыз, аталмыш компания "АвтоВаз" және "Renault Россия" компанияларымен бірлесіп "LADA", "Renault" маркаларын және одан бөлек Kia, Chevrolet Nexia автокөліктерін шығарады.

Елдегі автосарапшылар да, жүргізушілер де "отандық" көліктердің сапасын жиі сынға алады. Жергілікті көлікті "несиеге берілетіндіктен еріксіз алдық", "утилизация алымы болмаса, мәшинені шетелден алдыратын едік" деушілер бар екенін де айтпай кетуге болмас.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу