Жергілікті жолдарды жөндеуге 331 млрд теңге бөлінді

199

4 мың шақырым жол жөндеуден өтеді. 

Жергілікті жолдарды жөндеуге 331 млрд теңге бөлінді Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында жергілікті жолдарға 331 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы жылдары жергілікті жолдардың жай күйін жақсартуға да аса көңіл бөлініп келеді. Биыл жергілікті желіге 331 млрд теңге бөлінді, оған 4 мың шақырымында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдан бастап жергілікті жолдардың орташа жөндеуіне бөлінетін қаражаттың тиісті әдістемесі жасалып, Ұлттық экономика министрлігінің Жалпы сипаттағы трансферттері арқылы әкімдіктерге берілді", - деді Марат Қарабаев.

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстарында қаражаттың игерілу қарқыны төмен.

Айта кету керек, осыған дейін  елдегі ең ұзын автомобиль тоннелі шілдеде пайдалануға берілетінін жазған болатынбыз. Тоннель Түркістан облысында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу