"Жетібай – Жаңаөзен" жолының құрылысы аяқталуға жақын

1289

Жолдың 2 учаскесінің біріндегі жұмыстар осы жылдың наурызында аяқталған болатын.  

"Жетібай – Жаңаөзен" жолының құрылысы аяқталуға жақын

Маңғыстау облысында республикалық "Жетібай – Жаңаөзен" жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Қайта жаңарту жұмыстары 2018 жылдан бері Азия Даму банкі қаражатының есебінен іске асырылуда. "Аккорд/Ақжол Құрылыс" БК және "Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret A.S" компаниялары" екі жыл ішінде 976 адамды жұмысқа тартып, жол-құрылыс техникасының 575 бірлігін жұмылдырды.

Бүгінгі таңда жолдың 0-38 шақырымдары арасында жатқан учаскесінде 20 шақырымдық кедергілік қоршауларды орнатудан басқа жұмыстардың барлығы орындалған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2020 жылғы 30 маусымға қарай аяқталады деп күтілуде. 35-73 шақырымдар арасындағы жол учаскесінің құрылыс жұмыстарының барлығы аяқталған.

Жол қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң, жолдың 68,6 шақырымы пайдалануға беріледі. Оның 57,4 шақырымы – І техникалық санаттағы, 11,2 шақырымы – ІІ техникалық санаттағы жолдар болмақ. Бұдан бөлек, мұнда 2 жол өтпесі, 25 су өткізгіш құбыр және мал өтпелері орнатылған.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 95,2% құрайды. 2017 жылы мұнда  Бейнеуден Ақтау қаласының теңіз портына дейінгі аралықта жатқан "Бейнеу-Ақтау" автомобиль жолын қайта жаңартуға қатысты ірі жобаны жүзеге асыру шаралары аяқталған еді. Аталмыш жолдың ұзындығы 430 шақырымыды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу