Жетісай ауданында биыл ауыл шаруашылығы өнім көлемі 60 млрд теңгеден асқан

136

Жетісай ауданында 2024 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 112,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетісай ауданында биыл ауыл шаруашылығы өнім көлемі 60 млрд теңгеден асқан Фото: canva.com

Оның ішінде, ауыл шаруашылығы - 64,2 млрд теңге, сауда - 28,3 млрд теңге, өнеркәсіп - 9,9 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі - 7,1 млрд теңге, тартылған инвестиция көлемі - 26,2 млрд теңге және құрылыс көлемі - 9,9 млрд теңгені құраған.

Бұл жайында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

"Жетісай ауданында соңғы бес жылда 90,2 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында 419,6 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұдан бөлек, аудан аумағында құны 8,2 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 959 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ, алдағы жылдары жүзеге асатын құны 25,3 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобалар аясында 1 803 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар, Асықата кентінен 50 гектар жер аумағына "Жетісай" индустриялық аймағын ашу жоспарлануда. Аталған индустриялық аймақта жалпы құны 47,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба орналасады. Онда 1 862 жаңа жұмыс орнын құрылады", – деді аудан әкімі.

Спикердің сөзінше, биылғы жылы ауданда 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 200 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған.

Сонымен қатар, биыл 1,2 гектар жерге жылыжайлардың құрылысы салынып, олардың көлемі 23 гектарға жеткен. Бүгінгі таңда 2 809 гектарды құрайтын мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарына тамшылатып суғару технологиясы ендірілген. Сондай-ақ, мақта дақылынан 105 мың тонна өнім алынған.

Айта кетейік, бүгінде ауданда "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандағы Ш.Ділдабеков, Жаңа ауыл, Атамекен, Жетісай қаласы "Ауыл аманаты" бағдарламасына еніп отыр. Осы ретте жалпы 200 жобаға 980,5 млн. теңге несие беру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу