Жетісайда базар отқа оранды

767

Түркістан облысында Жетісай қаласының орталық базары өртеніп кетті, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жетісайда базар отқа оранды

"Базардан шыққан өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды", – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу