Жетісайда жүгері өңдеу зауыты салынуы мүмкін

684

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов "Жаркент жүгері өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры Вилиян Халиковпен кездесті.  

Жетісайда жүгері өңдеу зауыты салынуы мүмкін Фото: gov.kz

2005 жылы инвестордың бастамасымен Алматы облысы Панфилов ауданында ашылған зауыт тәулігіне 350 тонна, жылына 120-140 мың тонна жүгері өңдеуге қауқарлы. Бүгінде 300 адам тұрақты жұмыс істейтін зауыт өнімдерін Азия және Еуропа елдеріне экспорттайды, деп жазады inbusiness.kz.

Аудан басшыларына бастамасына тәулігіне 100-120 тонна жүгері өңдейтін кәсіпорын салуға ниетті екенін айтқан алматылық инвесторлар 1 мың гектар егістік жер де сұрады. Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының шаруалары жүгері егудің тиімділігіне толықтай көз жеткізгенше зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгеріні өздері егіп отырмақ. Алдағы уақытта инвесторлар өнім көлемін арттырып, 300-ге жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндіктері бар екенін айтады.

Айтылған ұсыныстардың тиімділігіне қарай сала мамандарымен кеңесіп, шешім қабылданатынын жеткізген аудан басшысы ортақ келісім жасалған жағдайда қажетті инфрақұрылымдармен толықтай қамтамасыз етуге уәде берді.

Сала мамандарының мәліметінше, өткен жылы ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 15053,9 млн. теңгеге жеткен. Оның 8771,6 млн. теңгесі бюджет есебінен болса, 6133,3 млн. теңгесі жеке қаражат есебінен тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу