Жетісайлық диқандар қырықабаттың алғашқы 20 тоннасын Ресейге жөнелтті

1561

Диқандар бір келісін 210 теңгеден саудалауда. 

Жетісайлық диқандар қырықабаттың алғашқы 20 тоннасын Ресейге жөнелтті

Бүгін Түркістан өңірі Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі "Ықылас" шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 20 тоннасын Уфа қаласына жөнелтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.     

Диқандар бір келісін 210 теңгеден саудалауда. Қожалық иесі Рәтов Араб Ықыласұлының айтуынша, биыл 3 гектар жерге қырыққабат еккен. Оның 1,5 гектары – "Кевин", 1,5 гектары – "Фарао"

Мұнда ақпан айының 10 күні 80 мың дана көшет отырғызылыпты. Ал жалпы Атамекен ауыл округінде 300 гектар жерге қырыққабат егілген.

Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың айтуынша, биыл аудан шаруалары 77 мыңнан астам ерге егін екпек. Осы мақсатта Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазір 40 мың 310 гектар жер тырмаланып, 25 мың 851 гектар жер чизельденген. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары бастау алмақ.

Болжам бойынша биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге ақ алтын дәнін себеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу