Жетісайлық келіншек 1 пайыздық несие алып кәсібін кеңейтті

1878

Әсия Қозыбекова тапсырыспен автокөлік орындықтарына тыс тігіп жүр. 

Жетісайлық келіншек 1 пайыздық несие алып кәсібін кеңейтті

Кәсіпкер келіншектің тігін машинасы ескі болғандықтан, кәсібі ойдағыдай дамымаған. Тозығы жеткен құрылғымен кедергісіз жүмыс жүргізу мүмкін болмай қалыпты. Сондықтан жуырда еліміздегі "Жастар жылына" орай төмен үстемеақымен несие беріліп жатқанын біліп, құжат тапсыруға шешім қабылдапты. Нәтижесінде мемлекеттік қолдаудың арқасында жылдық үстемесі 1 пайызбен 2 млн теңге кредит алып, шаруасының ауқымын кеңейткен. 

"Заманауи үлгіде түрлі дизайндар жасауға қауқарлы қос тігін машинасын алдым. Бұдан бөлек, Ресей және Қырғызстан елдерінен түрлі маталарды алдырдым. Осылайша жаңашылдыққа бетбұрыс жасап,  тапсырыстарының да көлемі артып, бүгінде көршілес Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан да тапсырыстар қабылдап жатырмын. 3 адамды тұрақты жұмысқа алдым. Цехымыз жеңіл автокөліктермен қатар автобустардың да орындықтарын қаптаумен айналысады", – дейді ол.

Іскер келіншектің сөзіне сенсек, мұнда тігін тігуге қызығушылық білдіріп, үйренемін деп келушілерге де жағдайлар қарастырылған. Алдағы уақытта оқу курстарын тұрақты түрде ұйымдастыру мәселелері де толық қолға алынатын болады екен.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу