Жетісу облысында адамдар мінген көлік құмға батып қалып, құтқарушылар автокөлікті эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ТЖМ мәліметінше, 29 тамыз күні кешке 112 қызметіне Сарқан ауданының Лепсі ауылында адамдар мінген көлік құмға батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты. ТЖМ күштерімен автокөлік негізгі жолға эвакуацияланды. Жеңіл көліктегі үш адам медициналық көмекке мұқтаж болмады", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу