Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілірге жолда мұқият болуды ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жол апаты 16 қараша күні түнде болған. Жетісу облыстық полиция департаментінің дерегінше, Көксу ауданындағы Жарлыөзек ауылында МТ3-80 тракторы Volkswagen Passat және Toyota Carina жеңіл көліктерімен соқтығысып, апат салдарынан 2 жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
Жол полициясы қыс мезгілінде жылдамдық режимін қатаң сақтап, көліктердің маусымдық дайындығын уақытылы жасауды ескертеді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу