Жетісу облысында мұғалімдер жол апатына ұшырады

491

Қазір бір азамат жансақтау бөлімінде жатыр

Жетісу облысында мұғалімдер жол апатына ұшырады Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысында 2 мұғалім мен мектеп қызметкерлері жол апатына түсіп, әртүрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл ретте 4 азамат Көктөбе орта мектебінің оқушылар лагерін жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған. Алғашқы әскери дайындық пен информатика пәндерінің ұстаздары және күзетшілері жөндеу жұмыстарына қатысқаннан кейін қайтып бара жатқанда автокөлікпен аударылған.

Қазір бір азамат жансақтау бөлімінде. Қалған 3 адамның денсаулығына қауіп жоқ. Ал Ескелді аудандық білім бөлімінің өкілдері жол апатына түскен азаматтар балалар лагеріне әкелінген жиһазды түсіруге көмектесуге өз еркімен келген деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу