Жетісу облысында өндірісте 27 қызметкер зардап шекті

229

Оның ішінде 4 адам қаза тапты.    

Жетісу облысында өндірісте 27 қызметкер зардап шекті Фото: всеостройке.рф

2026 жылдың басынан бері Жетісу облысында кәсіпорындар мен ұйымдарда болған төтенше жағдайларға байланысты 20 арнайы тергеу тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірде ресми түрде 21 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, 27 қызметкер зардап шеккен. Оның 24-і ауыр жарақат алса, 4 адам қаза тапқан.

Мамандардың айтуынша, оқиғалардың басым бөлігі адам факторы мен өрескел абайсыздықтан болған. Сонымен қатар өндірістегі қайғылы жағдайларға жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбау, жұмыс беруші тарапынан бақылаудың әлсіздігі, қауіпсіздік бойынша нұсқамаларды формалды өткізу және ақаулы жабдықтарды пайдалану себеп болып отыр.

Жалпы республика бойынша осындай 744 жазатайым оқиға тіркелген. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан 14 адам қаза болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу