Оқиға Қонаев пен Талдықорған арасындағы Арқарлы асуында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрда бірнеше көліктің зақымданғанын көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Видео авторы автотасымалдаушы көлік дәл жол ортасында аударылып қалғанын айтады.
"21 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 143-ші шақырымында, атап айтқанда Арқарлы асуында Scania көлігінің қатысуымен жол апаты болды. 39 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеті Tesla көлігін тасымалдап келе жатқан.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктердің қозғалысы жұмыс режимінде жалғасып жатыр, жол жабылған жоқ", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.