Жетісу облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты

482

Жол-көлік оқиғасынан фельдшер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі көз жұмды.

Жетісу облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық ПД мәліметінше, "Көлтабан-Матай" тас жолында жедел жәрдем машинасы мен "Урал" жүк көлігі соқтысқан. Жол апатынан екі адам қаза тапты.

"Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем машинасының 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екендігі алдын ала анықталды, ол рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жедел-жәрдем машинасының жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында қайтыс болды", делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу